ШҚО-да екінші ауысымдағы оқушылар да онлайн оқитын болды
26.11.2021 | 11.28
0
38
Көктайғақтың кесірінен бірнеше ауданда екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармай қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқушылардың онлайн форматта оқитынын мәлімдеді.
– Ұлан және Күршім аудандарында, Глубокое ауданының Белоусовка кентінде 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды. Ал таңертең Бесқарағай, Глубокое, Көкпекті, Ұлан аудандары мен Шемонаиха ауданының Пруггерово және Сугатовка ауылдарында 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыды, – деді ведомство өкілдері.
Комментарии (0)