ШҚО-да ер адам қолдан тапанша мен мылтық жасаған
20.09.2021 | 12.41
0
39
13 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен өңір тұрғының үйінде тінту жүргізді.
Нәтижесінде 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жері мен омартасынан 100-ден астам оқ-дәрі мен 6 түрлі қару тәркіленді.
Олардың қатарында 5,6 мм калибрлі патрондармен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, 5,6 мм калибрлі қолдан жасалған мылтық, сәйкесінше 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы екі тіркелмеген мылтық, сондай-ақ қарудың әртүрлі компоненттері бар.
Ұсталған адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бір бөлігін үйде қолдан жасаған.
«Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сараланды, олар бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Комментарии (0)