ШҚО-да газ бен бензиннің шекті бағасы белгіленді
13.01.2022 | 09.53
0
369
Шығыс Қазақстан облысында газ, бензин және дизель отынының шекті бағасы белгіленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жөнінде облыс бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті басшысының орынбасары Ренат Нәбиев:
– Шекті бағалар белгіленді және оны енді өсіріп жіберуге әсте болмайды. Облыс орталығында және орталықтан 200 шақырым қашықта жатқан елді мекендерде газдың шекті бағасы – 60 теңге. Егер елді мекендердің орталықпен ара қашықтығы 200 километр ұзақ болса, газ бағасы литріне 65 теңге болады. Өңір бойынша жазғы және маусымаралық дизель отынына шекті бағасы 260 теңгеден аспауы тиіс, – деді.
Бензиннің шекті бағасы:
* Аи-80 – литріне 89 теңге;
* Аи-92 – литріне 182 теңге;
* Аи-93 – 182 теңге;
* Аи-95 – литріне 215 теңге.
Тұрғындар бұл шекті бағалардың жоғарылап кеткенін байқаса, бірден шағымдануы тиіс. ШҚО бойынша жедел желі: 8-705-280-45-13.
Комментарии (0)