ШҚО-да көктайғақтың кесірінен жолдар жабылып жатыр
07.12.2021 | 09.52
0
44
Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) бүгін сағат 06:30-дан бастап республикалық маңызы бар Өскемен-Семей жолының Герасимовка ауылынан Семейге дейінгі учаскесі жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сондай-ақ, сағат 06:40-тан бастап Омбы-Майқапшағай тасжолының Семейден Қалбатау ауылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Аталмыш учаске арқылы жүк көліктері мен қоғамдық көліктер өтпейді.
Комментарии (0)