ШҚО-да көмір 11 пайызға қымбаттады – Energyprom
02.11.2021 | 14.07
0
187
Қазақстанда көмір бағасы жылына орта есеппен бес пайызға өскен. Кейбір өңірлерде қатты отынның құны бірден 11 пайызға өсіпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Energyprom.kz мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда, өндірілген тас көмірдің көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 82,1 миллион тонна болған. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 пайызға артық. Өндірістің жартысынан көбі Павлодар облысына (47,9 миллион тонна), тағы үштен бірі Қарағанды облысына (27,7 миллион тонна) тиесілі. Шығыс Қазақстан облысында 6 миллион тонна көмір өндірілген.
2021 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша тас көмірінің бағасы орташа есеппен бір жылда 5,1 пайызға өскен. Баға екінші жыл қатарынан өскенін айта кетуіміз керек.
Еліміздегі 17 өңірдің 14-інде көмір қымбаттады. Әсіресе Шығыс Қазақстан облысында баға жылына 10,8 пайызға өскен. Қазір көмірдің тоннасы Семейде 9,8 мың теңгеге, Өскеменде 10,9 мың теңгеге сатылып жатыр.
Жамбыл және Түркістан облыстарында көмір 8,6 пайызға қымбаттады. Көмір бағасы төмендеген жалғыз аймақ – Батыс Қазақстан облысы 1 пайызға.

Комментарии (0)