ШҚО-да көмір кезегінде тұрған шопыр өзін-өзі өртеп жібермек болды (видео)
02.11.2021 | 16.03
0
487
Өскеменде көмірдің кезегінде бірнеше күн тұрған жүргізуші өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс орталығының сол жағалауында орналасқан темір жол тұйығында болған оқиғаның видеосы жарияланды.
– Көмірге кезекте тұрған жүргізушілердің бірі жолды жауып, өзін-өзі өртеймін деп шу шығарған. Тәртіп сақшылары оны сабырға шақырып, қолындағы канистрді әрең алды. Ол адамның Ұлан ауданының тұрғыны екені анықталды. Кезекте бірнеше күн бойы тұрып қалғандықтан осындай оқыс әрекетке барған көрінеді. База басшылығы мен әкімдік өкілі оған көмір беру туралы шешім шығарды, – дейді полиция басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Дегенмен жолды бөгеп, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіргені үшін жүргізушіге 10 АЕК айыппұл салынды.
Комментарии (0)