ШҚО-да күнделікті бақылау жүреді
04.12.2020 | 18.03
0
361
ШҚО-да мониторингтік топтар сауда орындарында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталауын тексеру бойынша кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Рейдтің мақсаты – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық талаптардың сақталуын бақылау.
Облыс орталығында 3 желтоқсанда мониторингтік іс-шаралар барысында 251 нысан қамтылып, облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимін бұзудың 5 фактісі тіркелді. Сонымен қатар, "Стрелец" дүкеніндегі "Фото" сауда бөлімі, "Аманат","Глобус"дүкендерінде, және "Адем" сауда үйінде бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыпұлдар салынды. Жоғарыда анықталған заң бұзушылыққа салынған айыппұлдың жалпы сомасы 160 680 теңгені құрайды.
Семейде тыйым салынған уақытта жұмыс жүргізгені үшін «Blackberry» дәмханасының иесіне айыппұл салынды. Айыппұл соммасы 319 470 теңгені құрайды.
Риддер қаласында 3 желтоқсанда 5 рейд жүргізіліп, 61 нысан қамтылды. Тексеру барысында ереже бұзу фактілері тіркелмеді. Бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша демалыс күні жұмыс істеген азық-түліктік емес «Ермак» дүкеніне 1 айыппұл салынды
Зайсан ауданында 51 нысан тексеріліп, 3 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, бұрын анықталған ереже бұзушылықтар бойынша 3 айыппұл салынды: Дайыр ауылындағы «Дәулет» дүкенінің сатушысы А.Жұмабековаға қолғапсыз қызмет көрсеткені үшін – 41 670 теңге; Зайсан қаласының тұрғыны азамат К.Р.Сейтқалиевке маскалық режимді бұзғаны үшін - 41670 теңге; «Атамекен» автобөлшектер дүкенінің иесіне мереке күні жұмыс істегені үшін - 319470 теңге.
Көкпекті ауданында маскалық режимді сақтамаған М.Шакенов есімді азаматқа айыппқл салынып отыр.
Шемонаиха ауданында мониторингтік топ азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, аялдамалар мен көшелерді аралады. Барлығы 70 нысан қамтылып, 1 ереже бұзу фактісі тіркелді, жұмыс орнында маскасыз отырған Л. Поломошнова есімді азаматшаға 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бородулиха ауданында маскалық режимді бұзудың 1 фактісі тіркеліп, Жезкент кентінің тұрғыны И. Арзамасоваға 41 670 теңге көлемінде айыппуыл салынған.
Аягөз ауданында А. Сәпиев есімді тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың сомасы – 41 670 теңге.
Алтай ауданында тіркелген ереже бұзу фактілері: Жаңа Бұқтырма кентіндегі «Алтай», №1 дүкендерінде, Алтай қаласындағы «Beer fish» дүкенінде сатушылар қолғапсыз қызмет көрсеткен, сонымен қатар, «Пена» автожуу қызметінің жұмысшысы жеке қорғаныс заттарын қолданбаған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
Комментарии (0)