ШҚО-да күндіз алкоголь өнімін сатуға рұқсат етілді
14.01.2022 | 14.45
0
26
Облыс коменданты алкоголь өнімін сатудың жаңа ережелерін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, бұған бұрын облыс төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған болатын.
– 14 қаңтардан бастап сауда нысандарында алкоголь өнімдері жұмыс күндері тек 15:00-ге дейін сатылатын болады. Демалыс күндері алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады. Бұл ережелер аймақтағы төтенше жағдай режимі жойылғанға дейін сақталады, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Комментарии (0)