ШҚО-да кәсіпкерлер кірме жолдарды жоғары тарифтер бойынша пайдаланып келген
18.07.2021 | 16.00
0
79
ШҚО-да 18 бизнес субъектісі кірме жолдарды негізсіз жоғары тарифтер бойынша екі жыл бойы пайдаланып келген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы кәсіпкерлердің жүктерді теміржолмен тасымалдау кезінде кірме жолдарды пайдаланғаны үшін тарифтерді негізсіз көтеру фактілерін анықтады.
«Табиғи монополиялар туралы» Заңға (бұдан әрі-заң) сәйкес, бәсекелес кірме жол болмаған кезде оны ұсыну бойынша қызмет көрсететін жолдың меншік иесі уәкілетті органға табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтініш беруге міндетті. Осы тіркелімге енгізілмеген тұлғалардың қызмет көрсетуіне жол берілмейді.
Алайда «ТАБЫС TRADE» ЖШС темір жол жалғау жолдарының меншік иесі болса да, табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеуіне тұрмаған, сондай-ақ, контрагенттерден өз жолдарымен жүргені үшін артық төлем алып отырған.
Прокуратура тарапынан қабылданған шаралардан кейін аталмыш ұйым табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Ульба ЖД» ЖШС тарифін 16,3%-қа төмендетті.
Осылайша, көлік прокурорлары екі жыл бойы кірме жолдарды негізсіз жоғары тарифтер бойынша пайдаланған 18 бизнес субъектісінің құқықтарын қорғады. Аталған кәсіпкерлерге артық төлем сомасы қайта есептелді.
Бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу фактілері туралы Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасына 8(7232)61-40-69 «жедел желі» телефоны арқылы хабарлауға болатынын еске саламыз. Мекеменің мекен-жайы: Өскемен қаласы, Увалиев көшесі, 4.
Комментарии (0)