ШҚО-да келер жылы екі жер үсті өткелі салынады
17.12.2021 | 18.00
0
34
ШҚО-да келер жылы екі жер үсті өткелі салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстық мәслихат депутаттары Шығыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытудың төрт жылдық жоспарын бекітті. Көлік инфрақұрылымын дамыту барысында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі де назардан тыс қалмақ емес.
2022 жылы Өскемен мен Семейде екі жаңа жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынады деп жоспарланды. Бұл жұмыстарға бюджеттен 150 миллион теңге бөлінеді. Жер үсті өткелдерінің нақты қай жерге салынатыны әзірше белгісіз.
Комментарии (0)