ШҚО-да кезекті мал ұрлығы ашылды
11.12.2021 | 10.36
0
45
Қараша айының соңында Үржар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, түнде белгісіз біреулер Үржар ауылының маңында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінің жанында байлаулы тұрған жылқы малын ұрлап кеткенін. Шығын сомасы 700 000 теңгені құрады.
Арызды тіркей сала тәртіп сақшылары бірден ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтауға кірісті.
Аталған қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде 62 жастағы аудан тұрғынын қолға түсірді.
Комментарии (0)