ШҚО-да коммерцияландыруға дайын бірегей ғылыми жобалар туралы айтылды
03.10.2021 | 09.00
0
112
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғылыми жобаларды ілгерілету семинарына қатысты. ZOOM алаңында өткен семинарда халықтың өмір сүру сапасына оң әсерін тигізетін және еуропалық ғалымдармен мүмкіндіктерін теңдей алатын ғылыми жобаларды ілгерілету идеялары талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Соңғы үш жылда аталған жоғары оқу орнында материалтану және конденсирленген күй физикасы, ядролық және баламалы энергетика, өсімдіктердің биологиясы мен биотехнологиясы және т.б. ғылыми бағыттар бойынша 1 млрд. 300 млн. теңгенің 49 гранттық жобасы жүзеге асуда.
Семинар аясында Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген университеттің TI-SI-C негізіндегі композициялық ұнтақты пайдалана отырып, детонациялық тозаңдату есебінен топырақ өңдеу машиналарының тозған жабындыларын нығайтуды ілгерілетуге ниетті екенін атап өтті, бұл жобаның серіктестері агроөнеркәсіптік техниканың бөлшектерін өндіру және өңдеу жөніндегі кәсіпорындар, сондай-ақ "Красный партизан" шаруа қожалығы және "Ульбинка-А" ЖШС.
- ЖОО білім алушылары үшін стартап бастамаларды құру және қолдау тетігі әзірленген. Сондай-ақ жас ғалымдарды қолдау үшін жыл сайын бір жарым миллион теңге бөлінеді, ал 2019-2021 жылдары білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі алты млн.теңгеден асты. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға ғылыми базаны нығайту үшін 2020 жылдың өзінде жалпы сомасы 92 млн.теңгеге жабдықтар сатып алынды, – деді С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген.
Университетте жатыр мойны обырын ерте диагностикалау үшін әйелдерді скрининг технологиясын жетілдіру үшін әзірлеме жасалған екен. Сұйық цитология әдісін қолдана отырып, қатерлі ісік ауруы – жатыр мойны обырын тез диагностикалау мәселелерін шешуге жан-жақты қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көлік жүргізу стилін талдау және апаттың алдын алу жүйесіне қызығушылық танытқан әлеуетті клиенттер табылды. Ол үшін профессорлар "Connected Car" веб-қосымшасының прототипін жасады. Жүргізу параметрлерін онлайн бақылау негізінде жүргізушіні профильдеу әдісін жасалды. Автопром кәсіпорындары, автопарктер, кар-шеринг сервистері және сақтандыру компаниялары потенциалды клиенттер болып табылады.
Комментарии (0)