ШҚО-да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 180 жоба жүзеге асырылады
21.12.2021 | 12.01
0
27
ШҚО-да бюджетке инвестициялық жүктемені төмендету мақсатында жалпы құны 98,6 млрд.теңге болатын 180 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және концессия жобалары іске асырылуда, оның ішінде 39,6 млрд. теңгеге 129 жоба бойынша келісім-шарт жасалды.
Мемлекеттік-жекеменшік аясында облыста цифрлық жүйелер енгізілді. Атап айтқанда, Семей және Өскемен қалаларында электрондық билеттеу, Өскемен қаласында "Сергек" фото-бейнетіркеу, Семей қаласында да 74 жол қиылысын, 40 желілік учаскені (1390 камера) қамтитын осындай жоба іске асырылуда.
"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің арқасында ағымдағы жылдың 9 айында 6,5 мың әкімшілік және 87 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, 100 мың ЖҚЕ бұзушылық тіркелді, 826,5 млн.теңгеге айыппұл салынды, жеті күн мерзімде айыппұл сомасының жартысын төлеу мүмкіндігін ескере отырып, 737 млн. теңге өндіріп алынды.
Сонымен қатар, Түрік компаниясымен бірлесіп, Глубокое кентінде 5,7 млрд. теңгеге жылу көзінің құрылысы басталды.
Комментарии (0)