ШҚО-да оқушылар мен ұстаздар IT бағдарламасын тереңдете оқиды
06.12.2021 | 17.42
0
28
Соңғы бес жыл көлемінде облыста іске асырылып жатқан «Үштілді білім беруді дамыту» өңірілік жобасы аясында, тілдік пәндер мұғалімдерінің кәсіби деңгейі артты. Соның нәтижесінде мұғалімдердің оқыту әдістемесін меңгеруі, 14-тен 89 процентке, ал оқушылардың білім сапасы 53-тен 62 процентке дейін артты.
Биыл орыс тілінде оқытатын мектептерде практикалық қазақ тілін оқыту сапасын, арттыруға бағытталған жобаның үш жылдық кезеңі басталды. Ол үшін эксперимент ретінде алынған облыстағы алдыңғы қатарлы 100 мектептің 200 мұғалімі практикалық қазақ тілін тереңдете үйретуге оқытылды.
Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін, биылдан бастап, халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына бірреттік сыйлық ақы беру жоспарлануда.
Бағдарламалау бойынша білім сапасын арттыру мақсатында облыстың барлық 647 мектебінде оқушылар мен ұстаздар халықаралық стандарт бойынша IT бағдарламасын тереңдете оқиды.
Оқушылардың ғылыми және Start-up жабаларын іске асыруға 2018 жылдан бері 23 млн. теңгенің 25 гранты бөлінді. Бұл жұмыс жыл сайын жалғасады.
Комментарии (0)