ШҚО-да онкологиялық науқастар саны артып барады
25.11.2021 | 10.36
0
39
Өткен жылы қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға бағытталған іс-шаралар карантиндік шектеулерге байланысты тоқтатылған болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2021 жылдың 10 айында облыста 3 274 онкологиялық ауру анықталса, 2020 жылы - 2 724, ал 2019 жылы — 3 386 жағдай анықталған.
— Осы жылы өткен жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 4,6 пайызға өскені байқалады, — дейді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, сырқаттанушылар саны өскенімен, жағдай бірқалыпты.
Комментарии (0)