ШҚО-да қос азаматтыға бар 50-ден астам азаматқа айыппұл салынды
12.08.2021 | 10.44
0
52
ҚР Заңнамасына сәйкес басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен төлқұжатын міндетті түрде тапсырып ҚР азаматтығынан айрылғанын тіркеу қажет.
Ағымдағы жылдың маусым айының ортасында Көші-қон қызметі қызметкерлері Глубокое ауданының тұрғынын анықтаған. Ол 2002 жылдың маусым айында Алтай өлкесі Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған болып шықты.
- Ол мемлекеттік қызметтерді алу кезінде көші-қон заңнамасын елемей, ҚР азаматының құжаттарын пайдаланған. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Шетелдіктен ҚР азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынды және азаматтығын жоғалтқандығы туралы өтініші тіркелді.
Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа тыйым салынатынын ескертеді
.
Комментарии (0)