ШҚО-да Pfizer вакцинасын 8 мыңға жуық адам салдырды
28.11.2021 | 16.22
0
70
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина салу қарқын алып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазірдің өзінде Pfizer-дің бірінші компонентін 8 мың адам салдырған. Оның көпшілігі – жасөспірімдер.
Облыс орталығында бұл вакцинаны салдырғандар саны – 1400.
Осы орайда ата-аналарға ыңғайлы болу үшін мектептердегі екпе кабинеттері демалыс күндері де жұмыс істейтінін айта кетейік. Сенбі-жексенбідегі жұмыс уақыты – 8.00-18.00.
Комментарии (0)