ШҚО-да сағат 10.00 де сайлаушылардың келуі 18 пайызды құрады
25.07.2021 | 11.31
0
83
Үржар ауылының тұрғыны Әбен Разуевтің айтуынша, Қазақстан тарихында алғаш рет өткізіліп отырған ауыл әкімдерін сайлау үлкен өзгерістердің бастауы болмақ.
- Біз демократиялық жолға шықтық. Бұл сайлау біздің болашағымыз үшін өте маңызды. Өйткені бұл сайлау әкімдердің ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Ертең сайланған әкім ауылда қандай жұмыс атқаратынын, болашақтың қандай бағдарламасын іске асыратынын көрсету үшін халық алдында жауапты болады. Қоғам үнемі осындай даму үдерісінде болуы тиіс. Бізде ертең жаңадан сайланған ауыл әкімдеріне айтылатын көптеген тілектер болуы керек. Мен бұл сайлауға үлкен қуанышпен қатыстым. Бұл менің ауылымның дамуына қосқан үлесім деп санаймын, – деді сайлаушы.

Комментарии (0)