ШҚО-да санитарлық блокбекеттер қайта қойылды
25.01.2021 | 15.07
0
612
Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақта шектеу шараларын 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 ақпанына дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды,
Құжатқа сәйкес, облыста санитарлық блокбекет қайта орнатылды.
Екі блокпост Павлодар облысы тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларында орнатылды. ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін 4 санитарлық бекет - "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттеріне (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары - 1 бекеттен) қойылды.
Жұқпалы ауруы бар немесе ауыруы мүмкін адамдар, оның ішінде COVID-19 (тыныс алуда қиындық (жөтел, дене қызуы, ентігу) анықталған кезде 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру қажет делінген қаулыда. Құжаттың сілтемесі төменде
https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/documents/details/119239?lang=kk
Комментарии (0)