ШҚО-да саяжай өрті ауыздықталды
20.09.2021 | 10.11
0
70
Риддерде саяжайдан шыққан өрт гараж бен моншаға жайылып, 114 шаршы метр жерді шарпыды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 19 қыркүйек күні Риддер қаласындағы “Қазақстан” бау-бақша қоғамдастығында орналасқан саяжайда болған.
- Өрт сөндірушілер хабарды ала салысымен, дереу арада жеткенше тілсіз жау гараж бен моншаға тарап үлгерген. Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам мен 3 автоцистерна жұмылдырылып, жалпы ауданы 114 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамағаннан пайда болуы мүмкін.
Комментарии (0)