ШҚО-да «Үш тілді білім беруді дамыту» өңірлік жобасы жүзеге асырылуда
19.12.2021 | 16.51
0
41
Соңғы бес жыл көлемінде ШҚО «Үш тілді білім беруді дамыту» өңірлік жобасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында тілдік пәндер мұғалімдерінің кәсібилік деңгейі жоғарылады.
Нәтижесінде мұғалімдердің оқыту әдістемесін меңгеруі,14-тен 89 пайызға, ал оқушылардың білім сапасы 53-тен 62 пайызға дейін артып отыр.
Биыл облыста орыс тілінде оқытатын мектептерде, практикалық қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға бағытталған жобаның үш жылдық кезеңі басталды. Ол үшін эксперимент ретінде алынған облыстағы алдыңғы қатарлы 100 мектептің 200 мұғалімі практикалық қазақ тілін тереңдете үйретуге оқытылды.
Комментарии (0)