ШҚО-да синтетикалық есірткі таратқан курьер ұсталды
02.12.2021 | 14.32
0
67
ШҚО-да полицейлер «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі сақтады деген күдікпен Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ол оңай олжаға қол жеткізу мақсатында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен өткізіп отырған.
- Күдіктінің пәтерін тінту барысында жасыл, қызғылт және ақ түсті ұнтақ пен түйіршіктер түріндегі заты бар 55 полимерлі пакет пен түйіншек, буып-түюге және өлшеуге арналған электрондық таразы құрылғылар тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған заттың жалпы салмағы 119,9395 г «α-пирролидиналерофенон» психотроптық заты болып табылады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары қаскөйдің заңмен тыйым салынған заттарды өзі өлшеп қана қоймай, сонымен қатар ғаламтор қосымшасы арқылы қаланың әртүрлі аудандарында «құпия орындарда» затты қойып кетіп, тапсырысты орындап жүргені анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Комментарии (0)