ШҚО-да тұрақсыз ауа райы сақталады
27.12.2021 | 16.24
0
27
«Қазгидромет» РМК 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Алда ауа райы желді, боранды болады. Кезеңнің басында cолтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді.
Сол себепті қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Бұдан кейін, суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтайды. Алайда ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана тұрақсыз ауа райы сақталады.
- Термометр бағандары түнгі уақытта республиканың шығысында 10-18 градусқа дейін төмендейді деп көрсетіп отыр, - дейді синоптиктер.
Комментарии (0)