ШҚО-да тағы бір ірі май экстракциялық зауыт салынады
22.12.2021 | 15.45
0
44
Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде екі ірі май экстракциялық зауыт салу көзделген. Олардың біреуі пайдалануға беріліп қойды. "QazaqAstyqGroup" ЖШС зауытының қуаты - 300 мың тонна.
Қуаты жылына 300 мың тоннаға дейінгі мультидақылдарды қайта өңдеу бойынша екінші комбинат келесі жылы іске қосылатын болады. Ол – Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы "Altyn Shyghys" ЖШС.
Аталмыш жобаларды іске асыру май-тұқымдарды өңдеу көлемін жылына 600 мың тоннаға, ал толық қуатқа шыққаннан кейін 1 млн.тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, тек осы объектілерді іске қосу 2022 жылға қарай қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есеге (64,2 млн-нан 257 млн АҚШ долларына дейін) ұлғайтуға мүмкіндік береді және елге қосымша валюталық түсімдер әкеледі.
Тұтастай алғанда, шикізаттық емес экспорт көлемін 2025 жылға қарай 3-тен 4 миллиардқа дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Комментарии (0)