ШҚО-да тағы бір сәби өлімі тіркелді
05.11.2021 | 15.13
0
73
Шемонаиха аудандық ауруханасында босану кезінде жаңа туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- 4 қараша күні Шемонаиха аудандық ауруханасының қызметкерлеріне қатысты абайсызда баланың өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады ШҚО ПД.
Аталған іс бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр.
Сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесіне жоспардан тыс тексеру тағайындалды.
Естеріңізге сала кетсек, қазан айында Ана мен бала орталығында босанған әйел мен сәби көз жұмған болатын.
Комментарии (0)