ШҚО-да тағы да көпқабатты үйден өрт шықты
19.08.2021 | 12.19
0
73
18 тамыз күні сағат шамамен 13.30 кезінде Шүлбі кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайлы Алтайньюс тілшісі.
- Хабарды ала салысымен оқиға орнына жеткен құтқарушылар 15 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Пәтердің жиһаздар, тұрмыстық техникалар, есік және терезе блоктары өртеніп кеткен, -дейді Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.
Қызыл жалын электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаннан пайда болған.
Комментарии (0)