ШҚО-да танымал суретшінің көрмесі ашылды
19.05.2022 | 14.48
0
43
Өскемендегі өнер мұражайында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының мүшесі Алпысбай Қазғұловтың көрмесі ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Танымал суретшінің картиналары халықтың өмірі мен дәстүрін сипаттап, өнерімен үйлесім табады. Шебердің суреттері түрлі стиль мен жанрды қамтиды. Өнер тарихшылары Алпысбай Қазғұловты «түсті бағындырушы» деп бекер атамаса керек. Ол Еуропалық өнер Одағынан Масарик атындағы құрмет сыйлығымен және «Парасат» орденімен марапатталған. Суретші Өскеменге өзінің ең үздік туындыларын ала келді. Көрме 19 маусымға дейін ашық болады.
Өнер мұражайындағы көрмені өңір басшысы арнайы барып тамашалағанын айта кетейік.
– Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының пандемияға байланысты үзілістен кейін тағы теңдессіз туындыларға қол тигізіп, нағыз талантты адамның суреттерін көруге мүмкіндігі бар екеніне өте қуаныштымын, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Комментарии (0)