ШҚО-да ведомствоаралық ситуациялық орталық қалай жұмыс істеп тұр?
10.12.2021 | 11.08
0
57
2019 жылы ШҚО әкімінің Ведомствоаралық бірыңғай ситуациялық орталығы іске қосылған болатын. Аталмаш орталық 11 өмір саласы бойынша ақпараттар ағымын бір платформаға біріктірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Біріңғай ситуация орталығы 1600 әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді бақылап отырады. Ол жерде 74 кейс, 35 жүйеаралық интеграция бар. Осының барлығы экономиканың барлық салаларының дамуы туралы негізгі ақпараттың дұрыс сандық жинағын жасайды.
- Сондай-ақ құрамына «112» біріңғай кезекші-диспетчерлік қызметі, «109» шұғыл сұрақтарды қабылдау бойынша қызметі кіреді. Қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, оқиғаларға жауап береді. Кешен іске қосылғаннан бастап 505 мыңнан астам қоңырау, 216 мың сұрақ қабылданған, - деп атап өтті ШҚО цифрландыру басқармасының басшысы Марина Гагарина
Ситуациялық орталық платформасында короновирус инфекциясының ошақтарын жою орталығы құрылды. «Мен карантиндемін» мобильді қосымшасы, инфекция ошақтары бойынша жылу картасы жасалды, облыстағы аудандар мен қалалардағы стационарлардың қуаттылығына мониторинг жүргізетін сандық сервисі, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың тәуліктік көрсеткіш динамикасы енгізілді.
Марина Гагаринаның айтуынша, талдау мәліметтері барлық көрсеткіштер бойынша тәуліктік режімде алындықтан автоматтандырылған сервистер короновируспен күрес бойынша басқармашылық шешім қабылдауға көмектеседі.
Сонымен қатар, өткен жылы ведомство азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша біріңғай интеграция платформасын құрады. Биылғы жылдың басынан бастап платформаға 28 мың хабарлама түскен.
Комментарии (0)