ШҚО-да үй-күйі жоқ 500-ден астам адам ұсталды
15.11.2021 | 09.14
0
55
Шара барысында полицейлер жалдамалы пәтерлерді, саяжай массивтерін, құрылыс нысандарын, шатыр және жертөлелерлі тексереді.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, үй-жайлардан бөлек, сауда орындары мен тұрмысы нашар отбасыларға, азаматтық қару иелері және шетелдіктерге азаматтарға да назар аударылады.
- Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері полицейлер көп қабатты үйлердің 260 мыңнан астам пәтерін, 206 мыңға жуық жеке үйлерді және 51 мың саяжай үйлерін аралап шықты. Өңірдегі ПД қызметкерлері 4000-нан астам жалдамалы пәтерлерді, 5000-нан астам шаруа қожалықтарын, қыстақтарды тексерді, сауда орындарында 2000-ға жуық рейд жүргізді. 520 - дан астам үйсіз адам ұсталды, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған 37 мыңнан астам адамды тексеріп, 32 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Комментарии (0)