ШҚО-да үй карантинін бұзғандардың аты-жөні жарияланды
24.08.2021 | 15.21
0
61
10-23 тамыз аралығында оқшаулау режимін он адам бұзған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Олардың барлығы да Семей тұрғыны. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантинін бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-ның 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, аты-жөндерін жариялады. Тізім мына сілтемеде: ӨЗІН-ӨЗІ ОҚШАУЛАУ РЕЖИМІН БҰЗУШЫЛАР (www.gov.kz)
Департаменттің мәлімдеуінше, 24 тамызға дейін 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,5 миллион теңгенің айыппұлы салынды.
Комментарии (0)