ШҚО-дағы ХҚКО-лар жыл басынан бері 1,5 млн қызмет көрсетті
08.12.2021 | 11.25
0
18
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 1,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан филиалының директоры Азамат Есембулов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
– Жалпы қазіргі уақытта біздің филиалда мемлекеттік корпорация арқылы тізілімде қолжетімді 690 мемлекеттік қызметтің 662-сі көрсетіледі. 645 қызметті электронды форматта алуға болады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға көп, – деді ол.
Мемлекеттік корпорацияның ШҚО бойынша филиалының басшысы 2021 жылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу көрсеткішінің өскенін атап өтті. Мәселен өткен жылы өңір тұрғындары өз бетінше 900 мыңнан астам қызмет алса, биыл 1 миллионнан астам қызмет алған.
Комментарии (0)