ШҚО-дағы теннис орталығы халықаралық талаптарға сай болмақ
30.11.2021 | 14.11
0
28
ШҚО әкімі жаңа теннис орталығының құрылыс алаңында барып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексеріп қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс әкімінің айтуынша, қазір ғимараттың сырты панельдермен қапталып, терезелер орнатылып, ішіне еден жабындысы толығымен құйылған. Яғни, бекітілген жобаға сәйкес барлық жұмыстар толық жүргізілуде.
- Суық түскенше құрылысшылар барлық монтаж жұмыстарын аяқтайтын болады. Бірнеше күннен кейін ғимаратқа жылу беріліп, ішкі жұмыстар басталады. Қазірдің өзінде орталықтың кең әрі жарық болатыны көрініп тұр. Орталықта үстел теннисінің ең заманауи жабдықтары орнатылады. Бұның барлығы жаттығу процесі мен жарыстардың жоғары деңгейде өткізілуі үшін жасалып отыр, - дейді аймақ басшысы.
Сондай-ақ бұл жерде спортшыларға арналған оңалту орталығы да болмақ. Жаңа теннис орталығы барлық халықаралық талаптарға сай салынды. Осылайша, бұқаралық және танымал спорт түрі - үстел теннисі Шығыс Қазақстан облысында да ауқымды дамитын болады.
Комментарии (0)