ШҚО-дағы жайылымдық жер қажеттілігі 700 мың гектарды құрайды
21.11.2021 | 15.32
0
42
Шығыс Қазақстанда қазір жайылымдық жер қажеттілігі 700 мың гектарды құрайды екен. Бұл туралы облыс әкімі ауыл тұрғындарын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесі бойынша өткізген кеңесте айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Даниал Ахметовтың айтуынша, Өскемен, Семей және Риддер қалаларына қатысты мәселе толығымен шешімін тапқан. Дегенмен, бірқатар аудандарда тапшылық байқалып отыр.
- Бұл ауылшаруашылығы басқармасының өз жұмысын тиісті деңгейде атқармауынан, себебі мәселені шешу кешіктіріліп жатыр. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу жұмысы алға қойылған. Кәсіпкерлермен өз еркімен немесе сот арқылы қайтару туралы келіссөздер жүргізу мәселелері қарастырылуда. Сонымен қатар жетіспейтін жайылым жерлер аудандарда анықталып, елді мекендердің әкімшілік шекарасына енгізілген. Мұнда әр ауданның мүмкіндіктері, қай жерлерге құдықтар мен суару орындарын орнату мәселелері анықталған, - дейді аймақ басшысы.Бүгінде Шығыс Қазақстан халқының 40 пайызы ауылда тұрады екен, олардың көбі мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Облыста сүт қабылдау пункттері мен ауылшаруашылық өнімдерін қабылдайтын бордақылау алаңдары бар. Сондықтан жайылымдық жер тапшылығын жою, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару мәселесі бірінші кезекте тұрғаны анық.
Комментарии (0)