ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген 15 иммигрант анықталды
13.12.2021 | 16.06
0
40
Алтай ауданында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 Тәжікстан азаматы анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- "Мигрант" жедел профилактикалық іс - шарасы аясында Көші-қон қызметінің қызметкерлері Алтай ауданы Зубовск ауылындағы ЖШС бірінде құрылыс материалдарын дайындау бойынша еңбек қызметімен заңсыз айналысқан Тәжікстан Республикасының 15 азаматын анықтады, - деді ШҚО ПД баcпасөз қызметі.
Шетелдік қызметкерлердің заңды тұлғаға қатысты болғаны туралы полиция органдарына уақтылы хабар бермегені үшін заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар өздерінде шетелдіктердің болуы туралы 3 күн ішінде көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті екенін еске салады.
Комментарии (0)