ШҚО-да үздік ауыл әкімі анықталды
25.08.2021 | 17.14
0
69
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең үздік ауыл әкімі анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасы аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізілген болатын.
Өңірлік комиссияның қорытынды отырысында конкурсқа қатысуға құжат тапсырған үміткерлермен онлайн форматта әңгімелесу өткізіліп, жобалық жұмыстарын қорғауы тыңдалды.
Конкурсқа қатысқан ауыл әкімдерінің ішінен комиссияның шешімі бойынша Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімі Раушан Мусоболинова өңірлік деңгейде жеңімпаз болып танылды.
Енді ол ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында өтетін республикалық конкурсқа қатысады.
Комментарии (0)