ШҚО-да «Жасыл ел» жасақтарының жұмыс маусымы ашылды
25.06.2021 | 09.00
0
132
Биыл облыс бойынша 19 қала мен ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1200 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда.
- Жоба Елбасының бастамасымен 2005 жылы іске асқан болатын. Содан бері әр өңір жастары өзінің отанын жасылдандыруға үлестерін қосып келеді. Жобаға қатысушы жас сарбаздар арнайы киімдермен, соныме қатар, жұмыс беруші тарапынан 42500 теңге және 35394 теңге жалақымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, түрлі танымдық, спорттық-мәдени шараларға қатысатын болады. Қазір жұмыс берушілердің саны артып келеді. Жобаға қатысу үшін 16-29 жас аралығындағы еңбек күштерін қабылдаймыз. Көбінесе студент жастар мен көпбалалы отбасының балаларын жұмысқа қабылдап жатырмыз. Бізге жұмысқа келем дегендерге есігіміз ашық, - дейді ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.
Комментарии (0)