ШҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты
21.01.2022 | 14.49
0
47
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қазақ тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 19 қаңтарда Жарма ауданында Омбы-Майқапшағай тасжолында болған. Шамамен сағат түскі бір кезінде Киа Rio мен Mitsubishi Outlander маркалы автокөліктер соқтығысқан.
– Төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Үш адам ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді облыстық полиция депаратменті.
Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Комментарии (0)