ШҚО-да жол-көлік логистикасының сапасы басты назарда
20.12.2021 | 15.58
0
21
Аймақты дамытуда жол-көлік логистикасының сапалы болуы маңызды.
Биыл Өскемен мен Үржардағы әуежай алаңдары қайта жөндеуден өткізілді. Енді ғимараттарын қайта жаңартуды жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Зайсан қаласындағы әуежайдың жұмысын қайта жаңғырту да қолға алынбақ.
Облыс орталығында қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Үш жыл ішінде, отандық кәсіпорындар шығарған және мүгедек адамдарға бейімделген 60 автобус сатып алынады. Қазан айынан алғашқы 13 автобус тұрғындарға қызмет көрсете бастады.
2025 жылға дейінгі Инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша, жалпы инвестиция көлемі 218 млрд. теңге болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Олар: Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Семей қаласында автокөлік көпірі, Өскемен және Семей қаласын айналып өтетін жолдар құрылысы.
Республикалық, облыстық және аудандық маңызға ие автокөлік жолдарын дамытуға, сондай-ақ, елді мекендердегі көшелерді жөндеуге айтарлықтай қаражат қарастырылған. Бұл мақсатқа биыл 57,5 млрд. теңге бағытталды.
Бір жылдың ішінде жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 85 пайыздан 89 пайызға өсті.
Комментарии (0)