ШҚО гвардияшылары ҚР Қорғаныс министрлігінің батальонымен бірлесіп оқу-жаттығу өткізді
26.05.2022 | 10.00
0
61
ҚР Ұлттық гвардиясы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері Қазақстан Қорғаныс министрлігінің РХБ қорғаныс батальонымен бірлесіп радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерінің полигондық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқу-жаттығуға офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тартылған.
- Бірлескен сабақтарда тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғаудың жаңа құралдарын, радиациялық, химиялық және биологиялық барлау аспаптарын, РХБ қорғаныс әскерлерінің техникасын зерттеді. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен практикалық оқ атулар да өткізілді,-деп хабарлады ҚР ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жауынгерлер теміржол вокзалында практикалық сабақ өткізіп, РХБ қорғаныс құралдарын тиеу және түсіру тәртібін пысықтаған.
Айта кетейік, оқу-жаттығу 12-26 мамыр аралығында 5511 әскери бөлімінің әскери атыс алаңы базасында өткізілді.
Комментарии (0)