ШҚО: Үкіметтік емес ұйымдар қай уақытқа дейін есеп өткізуі керек?
18.01.2021 | 16.04
0
210
Шығыс Қазақстан облысындағы үкіметтік емес ұйымдар 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына есеп енгізуі қажет, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ішкі саясат басқармасы мәлімдеді. Еске салайық, дерекқорға мәлімет беретін ұйымдардың тізімі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы №160-VІ ҚР Заңымен нақтыланған. Ұсынылған мәліметтердің толықтығы, анықтығы және уақытылы берілуі тексеріледі. Ескерту болған жағдайда мәліметтер тиісті ұйымға пысықтауға қайтарылады.
Сондай-ақ «Салық кодексіне» сәйкес, есепті кезең басталғанға дейін салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және есепті кезең ішінде қызметін қайта бастамаған, тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұрған үкіметтік емес ұйымдар дерекқорға өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынбайды.
Ал өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынбаған немесе кешіктірген, сол сияқты анық емес немесе жалған мәліметтер ұсынған ұйымдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 489-1-бабына сәйкес жауапқа тартылады.
ҮЕҰ дерекқоры бойынша барлық ақпарат infonpo.gov.kz интернет-порталында орналастырылған.
Комментарии (0)