ШҚО әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтады
20.11.2021 | 16.23
0
61
20 қарашада ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылардың кәсіби мерекесі атап өтіледі. Мерекеге орай ШҚО әкімі Даниал Ахметов ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтар, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Агроөнеркәсіп кешені облысымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің азық-түлік қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, экспорттық нарықта лайықты орын алатын өнімдерді шығаратын да осы істің адамдары. Агроөнеркәсіптік кешенде бүгінде ең заманауи технологиялар енгізілуде, ең жаңа техникалар сапалы әрі қауіпсіз тауар шығаруда. Әрбір ауыл шаруашылығы қызметкерінің еңбегі, олардың қол жеткізген нәтижелері әрбір отбасы үшін үлкен маңызға ие. Мереке қарсаңында адал еңбектеріңіз үшін ризашылық білдіреміз! Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! – деді аймақ басшысы.
Комментарии (0)