ШҚО әкімі Б. Момышұлы көшесіндегі үйдің жағдайын соңына дейін жеткізуді тапсырды
18.01.2022 | 15.52
0
34
ШҚО әкімі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Б.Момышұлы көшесі, 14 үйдегі жағдайды аяғына дейін жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Авторлық және техникалық қадағалау өз міндеттемелерін тиісті орындамады, нәтижесінде көп қабатты үйдің тұрғындары зардап шекті. Олар жіберген кемшіліктеріне заң бойынша жауап беруі керек. Сондай-ақ, басқарма мамандары осы құрылымдардың одан әрі жұмысы бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс, - деді Даниал Ахметов.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың желтоқсан айында ғимараттың қасбеті алғаш құлаған болатын. Кейіннен мұндай жағдай тағы бірнеше рет қайталанды.
Комментарии (0)