ШҚО әкімі Даниал Ахметов Еуропалық банктің делегациясымен кездесті
07.12.2021 | 09.35
0
37
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Еуропалық қайта құру және даму банкінің делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жұмыс кездесуі барысында бірнеше маңызды мәселе талқыланды. Бірінші кезекте Өскемен мен Семейге арналған «Жасыл қала» халықаралық бағдарламасы бойынша іс-қимыл жоспары пысықталды.
– Біздің екі ірі қаламыз осы бағдарламаға кіргенін және Қазақстанның басқа қалалары үшін үлгі бола алатынын ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ, бұл қалаларда ҚТҚ басқару жүйелерін жаңғырту мәселесі маңызды болып тұр. Ал көше жарығын жаңарту (шамдарды энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру) жобасына келетін болсақ, мұнда барлық жұмыс аяқталуға жақын – деді аймақ басшысы.
Кездесу аясында делегация өкілдері Шығыс Қазақстандағы медицинаның даму деңгейін байқап, 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысының жобасын жоғары бағалады. Бұл аймақ үшін өте маңызды әлеуметтік нысан екенін атап өтуіміз керек.
Комментарии (0)