ШҚО әкімі шығысқазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
01.12.2021 | 11.12
0
66
ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс халқын
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл мемлекеттік мерекенің әрине әрбір азамат үшін ерекше екені белгілі. Өйткені бұл күн еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып, Тәуелсіздігімізді нық орнатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты.
Қазақстанның дамуында айтулы оқиғалардың басым бөлігі Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тікелей байланысты: Конституцияны қабылдау, республиканың ұлттық рәміздері мен валютасын құру, ядросыз әлем бастамасы және өзге де маңызды шаралар.
Комментарии (0)