ШҚО мектептеріндегі онлайн білім беруде кеткен кемшіліктермен жұмыс
08.10.2021 | 17.28
0
95
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті онлайн білім алу барысында кеткен кей кемшіліктердің орнын толтыру бағытында мектеп оқушыларымен ауқымды жұмыс атқаруда. Оқушылармен нақты жұмыс жүргізу үшін университет студенттерінің арасынан еріктілерді тағайындалды.
Amanzholov University пандемия салдарынан білім сапасы ақсап қалған өңір мектептеріне көмек қолын созды. ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген халық алдында есеп беру кездесуінде атап өткендей, мектеп оқушылары мен педагогтары үшін университеттің жеке платформасы - "Amanzholov online – мектебі" іске қосылды.
– Барлығы Шығыс Қазақстан облысының 5,5 мың оқушысы қамтылды. Платформаның бөлімдері бейнесабақтармен, кітапхана ресурстарымен және оқу-әдістемелік материалдармен, "мектепке көмек", STEM-оқыту, "педагогке көмек", "психологиялық қызмет", "бейінді педагогикалық мектеп" сияқты материалдармен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, BirgeOqu бағыты аясында 500-ден астам онлайн-сабақ өткізілді, оған 6 мыңнан астам оқушы қатысты, негізгі мектеп пәндері бойынша 60 ТЕDx-конференция ұйымдастырылды, барлық бейнежазбалар YouTube-ке орналастырылды, – деп хабарлады Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген.
Мұхтар Төлеген қашықтықтан оқыту форматына көшу кезінде профессорлық-оқытушылық құрамның 80%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өткенін де атап өтті. Сонымен, қашықтықтан оқыту кезеңінде 4500-ден астам бейне дәрістер жазылды. Білім беру процесіне қатысушылар арасындағы кері байланыс екі жаңа оқу порталдарының, мессенджерлердің, виртуалды ректораттың, виртуалды тіркеу кеңсесінің, виртуалды деканаттың және виртуалды қабылдау комиссиясының жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Айта кету керек, 2017 жылдан бастап Amanzholov University-дегі білім беру инфрақұрылымы жаңғыртудың жаңа кезеңіне ие болды. Факультеттер Назарбаев Университетінің моделі бойынша мектептер болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра жұмыс істейді, белсенді түрде оқу зертханалық базасы жаңартылуда. Жаңа цифрлық және виртуалды зертханалар ашылуда, заманауи мультимедиялық студия құрылды, жоғары жылдамдықты Wi-Fi немесе секундына 450 мегабит интерактивті тақталары бар әмбебап аудиториялар жұмыс істейді.
Комментарии (0)