ШҚО ӘМСҚ: тегін ПТР-тестілеуден кімдер өте алады?
06.09.2021 | 09.50
0
77
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалындағы мамандар тегін ПТР-тестілеуден кімдер өтетінін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мәселен, фильтр кабинетіндегі пациенттен ЖРВИ және вирустық пневмония белгілері анықталса, ол бірден тегін ПТР-тестілеуге жіберіледі. Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды бақылау жөніндегі мобильді топ белгілі бір науқастан экспресс-тесттің оң нәтижесін байқаса, оны да тегін ПТР-тестілеуден өткізеді.
Сондай-ақ стационарға шұғыл емдеуге, жатқызуға немесе тексеруге жіберілген пациенттер, жүкті әйелдер (37 апта болғанда), гемодиализдегі пациенттер үшін ПТР-тест тегін.
– Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесін беріп жатыр. Мәселен әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылғы бірінші жартыжылдықта 160 мыңнан астам ПТР зерттеуді қаржыландырды. Яғни осынша адам тестен тегін өткізілді – дейді филиал мамандары.
Комментарии (0)