ШҚО өнер музейінде «Жұлдызды кеш» өтеді
18.05.2022 | 09.30
0
73
18 мамыр күні, яғни бүгін ШҚО өнер музейінде конкурс, батлдар, аквагрим бойынша мастер-класс пен көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кету керек, аталмыш іс-шара "Музейдегі түн" халықаралық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Ең алдымен, сағат 15.00-де ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алпысбай Қазғұловтың 27 жұмысы қойылған ауқымды көрмесі ашылады. Көрмені өнер музейінен 19 маусымға дейін тамашалауға болады.
Артынша көрме «Жұлдызды кешпен» жалғасын таппақ. Онда жас өнерпаздар түрлі байқауларға қатыса алады.
Одан кейін өтетін "Жұлдызды подиумда" Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің оқушылары өздерінің авторлық киім үлгілерін ұсынады. Мұражай қонақтарына "Креативті жұлдыз" дизайнерлер байқауына қатысуға мүмкіндік бар. Онда киім-кешек пен өнер бұйымдары қайта өңделген немесе импровизацияланған материалдардан жасалады.
Дәстүрлі бағыттағы жас суретшілер үшін Адам фигурасы мен "Жұлдызды түн" пейзажын эскиздеу бойынша конкурс-батлдар өтеді. Мұражайдың бағаналық залында аквагрим бойынша мастер-классты көруге де болады.
«Жұлдызды кеш» соңында өнерпаздар жиылған жұртқа өз өнерлерін паш етпек.
Комментарии (0)