ШҚО-ның ардагерлер кеңесі референдумды қолдады
17.05.2022 | 09.28
0
64
Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген Президиумына қатысушылар республикалық референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ардагерлер кеңесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы бастамасын толықтай қолдайды.
«Бұл референдум – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа тарау болмақ. Конституцияға енгізуге ұсынылған түзетулер мен толықтырулар еліміздің әл-ауқатын арттыруға тікелей бағытталған», – деді ардагерлер.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төралқасы 220 мыңнан астам ардагердің атынан шығысқазақстандықтарға алдағы референдумға қатысуға шақырады.
«Біз өзіміздің белсенді азаматтық ұстанымымызды көрсетуге тиіспіз. Өйткені біздің мақсатымыз – жаңа Қазақстанды құру. Еіміздің болашағы әрқайсысымыздың таңдауымызға байланысты», – дейді ардагерлер.
Комментарии (0)