Онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді - ШҚО
21.12.2021 | 15.32
0
22
Көпсалалы «Онкология және хирургия орталығында» асқазан-ішек жолы ісіктерінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді.
Келушілерді жоғары білікті онколог-дәрігерлер, оның ішінде торакалды хирург, абдоминалды хирург, онколог-гепатолог мамандар қабылдайды. Тексерулер тегін әрі дәрігердің жолдамасынсыз жүргізілетінін айта кетейік.
Іс-шара 25 желтоқсанда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі. Орталықтың мекенжайы – Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1 корпус.
Комментарии (0)