ШҚО: Құтқарушылар беткейдің қарын түсірді
28.11.2021 | 14.18
0
49
Катонқарағай ауданында жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Құтқарушылар қолдан «жарылыс» жасап, тасжолдың бойындағы беткейдің қарын түсірді.
– Согорное ауылы мен Коробиха арасындағы ауылы жолда 4 рет профилактикалық жұмыс жүргізілді. Беткейдің қары мың текше метрге жуық болды, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, бұл жол арқылы алты бірдей елді мекеннің тұрғындары қатынайды.
– Беткейден кез-келген уақытта көшкін мүмкін. Сондықтан жергілікті тұрғындарға тауға шықпау кеңес береміз, – деп толықтырды құтқарушылар.
Комментарии (0)